KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

Өкпені тексертудің арзан жолы қандай? – министр жауабы

30.06.2020, 11:31 203

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өкпеге компьютерлік томография жасатқысы келетіндердің көбейгенін, дегенмен пневмонияны цифрлық рентген-аппарат арқылы да анықтауға болатынын айтты.

Министр пневмонияны цифрлық рентген-аппарат арқылы да анықтауға болатынын айтты.

Елімізде өкпеге компьютерлік томография жасату үшін ұзын-сонар кезек байқалады. Бүгінде республикада 135 томограф жұмыс істейді.

"Пневмонияны цифрлық ренгтен-аппараттың көмегімен де анықтауға болады. Ол қолжетімді әрі бағасы да арзан. Диагностиканың бұл әдісі коронавирусты анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізіледі", - деді Цой онлайн брифингте.

Сонымен қатар, ол ауруханалардағы төсек-орын қорына да тоқталды.

Айтуынша, бүгінде еліміздегі стационарларда төсек-орынның 60%-ке жуығы бос емес, ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш 90%-ке дейін жетеді.

Коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін 348 медициналық ұйымда 26 мың төсек-орын дайындалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу