KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

"КШТ" ең қауіпті. Өскеменде вирус өршіп барады

19.06.2020, 11:03 213

Өскеменде COVID-19 вирурсын жұқтырғандардың көбі «КШТ» ықшамауданында. Бұл туралы қалаға қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мәлімдеді.

18 маусымдағы мәліметке сенсек, облыс орталығында тіркелген 51 науқас бар. Басым көпшілігінде вирус белгісі осы айда анықталған. Сәуірде – жеті, мамырда – бес, ал маусымда – 39 адамның індет жұқтырғаны расталған.

Басқарманың ақпараты бойынша, Жібек маталар комбинаты (КШТ) ықшамауданында – 13, Үлбі мен Ертіс аралығында – 11, Үлбінің оң жағалауында – 10, Күленов кентінде – сегіз, Меновной ауылында жеті науқас тіркелген. Сонымен қатар Согра, Красин, Мирный, Лесхоз, Солжағалау, Ахмер ауылдарында да індет жұқтырған бірлі-екілі адам бар.

Айта кету керек, ауру белгілері жоқ, алайда тасымалдаушы болып есептелетін 27 адам да қазіргі уақытта дәрігерлер бақылауында. Олардың 23-і өз үйінде оқшауландырылса, төртеуі стационарға карантинге жатқызылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу