KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейде цифрлар өсіп барады. Себеп - ережелерге атүсті қарау

11.05.2020, 10:41 150

ШҚО бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, бүгін, яғни 2020 жылдың 11 мамыр күні облыста 51 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген, оның 30-ы соңғы 10 күннің ішінде анықталған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

   Семейде ауру тіпті өршіп бара жатыр. Қалада 41 жағдай тіркеліп, қауіпті инфекцияның 50 ошағы анықталып отыр, оның ішіндегі 7 жерде  жаппай ауру белгілері  байқалып, 35 адам тізімге алынды.   

Нақтылап айтар болсақ – бір отбасында 11 адам, оларға көрші 2 адам және жұмыстағы 3 бірдей әріптесі тіркелді. Ауырғандардың арасында Нұр-Сұлтаннан келген қонақ та бар.

Семейде тағы бір жиында, яғни туған күн тойлатуға барған 9 қонақ  коронавирус жұқтырған.

- 14 жасқа дейінгі балаларға жұғу жағдайы -10,  40-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында 10 жағдай тіркелді. Вирус жұқтырғандардың 26,8 пайызы пневмония және тұмаудың әдеттегі түрімен ауырғандар,-дейді департамент мамандары.

Семейдегі аурудың өршіп кетуінің ең басты себептерінің бірі де бірегейі осы  – карантин ережелерін сақтамаудан болып отыр.

- Туған күн тойлатамыз  деп қауіпті вирус жұқтыруларына байланысты  1287 семейлікті оқшаулауға тура келді. Сонымен қатар астанадан келіп блок-бекеттерден өтіп кету жағдайлары да анықталып отыр. Облыстағы 99 вирус ошағының 54-і Семейге тиесілі,-деп жазылған ведомства таратқан мәліметте.

Осыған байланысты індетке қарсы және оның алдын алу іс-шаралары әлі де жалғаса түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу