KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, В
527.3 544.86 4.95

Демалушыларға ПТР-тест өткендері туралы анықтама қажет емес

28.05.2020, 08:49 178

Курорттарда демалушылардан ПТР-тесттен өткені туралы анықтама қажет емес. Бұл туралы "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мемлекеттің бас санитар дәрігерінің №36 қаулысында демалушыларға ПТР-тест тапсыру міндетті деп көрсетілген. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазір №37 қаулы әзірленуде. Онда бұл нормалар алынады екен.

Бұған дейін ішкі әуе рейстері жолаушыларына қойылған міндетті ПТР-тест тапсыру талабы алынғанын еске саламыз. Бұл талап пойыз жолаушыларына да қойылмайды.

Дегенмен, жолаушылар мен демалушылар өзімен бірге қорғаныс заттарын, яғни медициналық маска мен қолғап алып жүру тиіс.

Айта кетсек, 18 мамырдан бастап туристік фирмалардың жұмысы қайта жанданды. 1 маусымнан бастап қонақүй кешендері, шипайжайлар мен курорттар да қайта ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу