KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
524.75 540.6 5.12

Өскеменде екі жерде ғана суға шомылуға болады

30.05.2019, 04:54 257

Өскеменнің жағайжалары шомылу маусымына дайын ба? Төтенше жағдай, полиция, қоғамдық денсаулықты сақтау және әкімшілік қызметкерлері тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рейд нәтижесінде «Самал» саябағы мен Ертістің сол жағалауындағы этнопакрте ғана шомылуға болатыны айтылды. Әзірге осы екі жерде шомылу ғана тұрғындарға қауіпсіз.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, этнопарктегі көлдерге енді медициналық бекет қою керек.
Ал «Самал» саябағына шатыр, қоқыс жәшіктері мен орындықтар жетіспейді. Бірақ бұл іс істеле ме? Белгісіз.

–Бізге ТҮКШ мекемесі су бетіне қалқыма буй ғана орнатуды тапсырды, – деді «Өскемен-Тәртіп» мекемесінің маманы Данияр Рахметов.

Ал «котлованда» шомылу қауіпті. Ол жер қазір ешкімнің қарауында емес, тұрғындар қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу