KZ
Өскемен
-20°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
515.97 537.8 5.25

Халық карантиндік шектеулерге үстірт және тым бейғам қарауда

9.05.2020, 07:43 73

 Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес Семей қаласындағы арнайы комиссияның жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс  тілшісі.

Көптеген ескертулерге қарамастан шығысқазақстандықтар карантиндік шектеулерге  үстірт  және тым бейғам қарауда.

Осыған байланысты  17 жедел топ құрылды. Тексеру нәтижелері не келер болсақ - дәл қазір Семейде үздіксіз бақылауда тұрған 192 нысан  бар.Олардың қатарына 25 шаштараз, 4 базар және 116 сауда орындары кіреді. 68 нысанның белгіленген ержелерді бұзғаны анықталып, шаралар қолданылған.

Сонымен қатар бір тәуліктің ішінде тоқтатылған 2651 автокөліктің 148-де рұқсат қағазы болмаған. Үйлерінен рұқсат етілмеген күні шыққан 4 адам анықталды. Тәркіленген рұқсат қағаздар саны – 186.

-Құрметті шығысқазақстандықтар, қалың  бұқара жиналған жерлерде бетперде режимін сақтаңыздар. Себепсіз  ары-бері жүрісті азайтып, барлық ережелерді сақтауларыңызды, той-томалақ жиындар өткізуден және оған барудан бас тартуларыңызды сұраймыз,-деп жазады арнайы комиссия.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу