KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

8.05.2020, 19:43 99

Ардақты ардагерлер! Қымбатты жерлестер!

Сіздерді, елдік пен ерліктің, мызғымас бірліктің мерекесі - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн. Бейбіт өмір мен баянды болашақ аманат етілген кез. Біз, Отаны үшін от кешкен, ерлердің өр рухына, мәңгілік тағзым етіп, ардагерлер алдында бас иеміз.

Ұлы дала батырларының қайсар рухын, халық болып ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз.

Шығыс Қазақстан жерінен, майданға жүз сексен мың адам аттанды. Олардың сексен үш мыңы ұрыс даласынан оралған жоқ.

Жүз тоғыз адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, жиырма төрт жерлесіміз Даңқ орденінің толық кавалері атанды. Тоғыз мың азамат "Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Біз, татулықты, бауырмалдық пен тұтастықты қадір тұтқан, қаһарман елдің ұрпағымыз! Сондықтан, бүгінгі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың қадірін, терең түсінуге, қастерлеуге тиіспіз.

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Біздің жүрегімізде, сіздерге деген шексіз құрмет, мәңгі сақталады. Бірлігі жарасқан іргелі елдің ұрпағы өздеріңізге алғыс айтып, тағзым етеді.

Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас ырыс тілеймін! Қазақстан гүлдене берсін! Ұлы Жеңіс мерекесі, құтты болсын!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив