KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады

9.05.2019, 03:48 159

Құрметті шығысқазақстандықтар! Ардақты ардагерлер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз күн өткен сайын  әкелеріміз бен аталарымыз жасаған өшпес  ерліктің құнын терең түсініп келеміз.  Себебі олар 1418 күн мен түнге созылған  күрделі күндерде от кеше отырып 1945 жылдың жеңісті көктемін жақындатқан еді.

Біздің облыстың аудандарынан, қалалары мен ауылдарынан 180 мыңға жуық адам майданға аттанған болатын. Шығысқазақстандық 109 жауынгер осы соғыста Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Соғыстың алдыңғы шебіндегі ерліктер мен қатар тыл еңбеккерлерінің де бұл Жеңіске қосқан үлесі ұшан-теңіз. Біздің облыс эвакуацияланған ондаған  зауытты қабылдай отырып, тылдағы жұмыскерлер майдандағы әскердің жылы киімі мен, азық-түлігін қамтамасыз етуді алдарын мақсат етіп қойды.

Біз ержүрек жауынгерлеріміздің ерлік ісін, Отанға деген адалдығын жүреміздің түкпірінде мәңгілік сақтап өтеміз. От үшін от кешкен батырлар мен тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегі ешқашан естен шықпақ емес. Ұрпақтарыңызға қалдырған бейбіт ашық аспан мен бақытты өмір үшін Сіздерге мыңда бір алғыс айта отырып, өр рухтарыңызға тағзым  етеміз.

Құрметпен, ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив