Бұқтырмада демалып жатқан өскемендіктер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері қала сыртына заңсыз шығып, демалуға барған 36 тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық полиция департаменті карантин ережелерінің сақталуын қадағалап, елді мекендерде рейд жүргізуде. Мәселен кеше Бұқтырмаға демалуға барған 36 өскемендік анықталды. Олар Алтай ауданына азық-түлікті жеткізу үшін берілген автокөліктің арнайы рұқсат қағазын пайдаланып, қаладан шығып кеткен. Осылайша арнайы рұқсаттаманы жеке мақсатта пайдаланған шағын және орта бизнес өкілдері жауапкершілікке тартылып жатыр.
– Полиция олардың барлық рұқсаттамаларын тәркілеп алды. Фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.