KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

ШҚО-да құр атпақ болған аңшы ұсталды

21.10.2020, 07:08 102

Шығыс Қазақстан облысында құр атпақ болған аңшы ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 17 қазан күні  заңсыз түрде құр атпақ болған тұрғынды ұстады.

– Полиция қызметкерлері 55 жастағы тұрғыннан патроны бар 12 калибрлі екі ұңғылы мылтықты тәркілеп алды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, браконьерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Бесқарағай тұрғыны құс атпақ болған аумақ «Семей Орманына» қарасты жер. Яғни ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы» Заңының 48-бабы 4-тармағына сәйкес бұл аумақта аңшылыққа жол жоқ.

Айта кетейік, аймақ көлемінде «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу