KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қытайдан Өскеменге медицина құрыл-жабдықтары келді

24.04.2020, 04:13 95

Кеше сағат 18:20-да Өскемен әуежайына Қытайдан 14 тонна медицина құрал-жабдықтары жеткізілді. Оның ішінде 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмы, 80 мың респиратор, 10 мың медицина маскасы, 10 мың экран және 10 мың көзілдірік бар.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, экспресс-тестен әуелі алдыңғы шепте жүрген медицина, санитария-эпидемиология және құқыққорғау саласының қызметкерлері өтеді.

Бұған дейін облыс әкімі «Қытайдан алынатын медицина құрал-жабдықтарына «Парыз» қорының қаржысы жұмсалатынын», оны «Шыңжаңдағы серіктес «Сан Бао» корпорациясынан сатып алатынын» айтқан.

Әкімдік ақпаратына сенсек, аталмыш корпорация ШҚО тұрғындарына өз тарапынан Alena-310 деп аталатын 2200 дана маска, 200 мың бірреттік ине және 10 миллионнан астам теңгеге градустандырылған дәрі тамызғыш қосып жіберген.

Құрал-жабдықтар Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізіліп, пайдалануға дайындалады. Алдағы уақытта қалалар мен аудандардың қажетіне жұмсалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив