Рұқсаттамаға басқа жолмен қол жеткізгендер анықталды – Өскемен
Кеше полиция Өскемен көшелерінде көліктерді жаппай тексеріп, 85 рұқсаттама қағазын тәркіледі. Рейд барысында бәйтерек маңындағы көпір уақытша жабылды.
Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, тәркіленген 85 рұқсаттаманың 39 қызыл, 6 жасыл түстісін таққан көлік иелері қала тіршілігі үшін маңызды ешқандай қызметте істемейді. Олар рұқсаттамаға басқа жолмен қол жеткізген. Мысалы, «бір рұқсаттама зейнеткер көлігінен тәркіленген».
Сонымен бірге жазаланғандар қатарында «арнайы рұқсаттамасын жеке шаруамен Глубокое ауданына шығып-келуге пайдаланбақ болған» да адам бар.
Тәркіленген рұқсаттамалар қала әкімдігіне қайтарылған.