Коронавирус: Қазақстанда 54 науқас жазылып шықты
Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 54 адам жазылып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпы республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 709 адамға жетті. Алайда айту кету керек, күшейтілген карантиндік шаралардың нәтижесінде елордада 7 сәуір сағат 08:35-тен бері жаңа жағдай тіркелмеген. Ал Алматы қаласындағы жағдай 6 сәуірден бері өзгеріссіз тұр. Сондай-ақ Шымкент қаласында да өткен тәулікте ауру жұқтырғандар тіркелмеген екен.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында – 43, Ақтөбе облысында – 11, Алматы облысында – 10, Атырау облысында – 36, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Жамбыл облысында – 45, Батыс Қазақстан облысында – 2, Қарағанды облысында – 55, Қостанай облысында – 3, Қызылорда облысында – 72, Маңғыстау облысында – 6, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында 33 науқас анықталған.
Елімізде 54 пациент жазылып шықса, 7 науқас қайтыс болды.