KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

65-тен асқандар үйден мүлдем шыға алмай ма? Полицияның жауабы

15.04.2020, 04:24 215

65 жастан асқан тұрғындар үйден мүлдем шыға алмай ма? Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстың бас санитарлық дәрігері өз қаулысына қосымша толықтыру енгізген еді. Онда 65 жастан асқан тұрғындардың үйден шығуын шектеу керектігі айтылған. Ендеше қарттар дүкен немесе қоқыс төгуге де шыға алмайма? Бұл үшін жазалана  ма?

Полицияның мәлімдеуінше, бұл жерде қамап ұстау туралы сөз жоқ, тек шектеу шаралары туралы айтылған. Бір сөзбен айтқанда, тәртіп сақшылары қарттарды 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу үшін немесе 15 тәулікке қамау үшін аңдып жүріп ұстамайды. Тек ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабын, яғни төтенше жағдай режимін бұзбауын талап етеді. Сондықтан 65 жастан асқан қала тұрғындары қажетті жағдайда үйден шыға алады.

Бірақ тұрғындар оқшаулаудың маңызын өздері түсіне білуі тиіс. Сондай-ақ денсаулықты қауіп-қатерге тікпей, үйден шығар кезде маска таққан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив