Рұқсат қағазын қалай алуға болады?
Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары рұқсат қағазын пәтер иелері кооперативтерінен (ПИК), кондоминиумдардан (КДМ) (тұрғын-дарға ПИК-тер мен КДМ-дардың қызметкерлері хабардар ететін жеке кесте бойынша) алатын болады.
Жеке тұрғын үйлердің тұрғындары рұқсат қағазын Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінен (жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметкерлері хабардар ететін жеке кесте бо-йынша) алатын болады.
ПИК, КДМ және Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері 2020 жылдың 2 сәуірінен күн сайын 8.00-ден бастап 24 сағат бойы демалыссыз жұмыс істейді.
Жекеменшік көлігі бар адамдар рұқсат қағазын алатын кезде мемлекеттік нөмірге сәйкес (толығырақ «Көлік қозғалысының тәртібі» материалында жазылған) тиісті рұқсат қағазына (ақ немесе жасыл түсті) ие болу үшін авто-көлігінің техникалық құжатын көрсетуі тиіс.
Рұқсат беру жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін біріңғай 138 call-орталығына хабар-ласыңыз.