KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Карантин кезінде 75 минут жаттығу керек – ДДСҰ

30.03.2020, 05:55 118

Үйде қимыл-қозғалыссыз отырған адам күйзеліске ұшырап, психикасы бұзылуы мүмкін. Осы орайда карантин кезінде тығырықтан шығар қандай амал істеуге болатыны жөнінде аз-кем лайфхак ұсынбақпыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертуінше, адам баласы аптасына 150 минут орташа немесе 75 минут қарқынды жаттығу істеуі керек.

➡ Күндіз араға біраз уақыт салып аз-аздан дене жаттығуын істеу қажет;

➡ Онлайн-жаттықтырушының нұсқауымен күніне бір уақ кешенді жаттығу істеу керек;

➡ Үйдің ішінде (кішкене бөлме болса да) жүру керек;

➡ Күндіз үйде бір орында отыра бермей, түрегеп тұрған пайдалы;

➡ Медитация, терең тыныс алу – күйзелістің алдын алады;

➡ Дұрыс тамақтану, қажетті мөлшерде су ішу – денсаулықты қалыпты жағдайда ұстайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ескертуінше, қант қосылған сусындардан гөрі қара су анағұрлым пайдалы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу