Қандай жағдайда елде карантин жарияланады?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның қалаларында қандай жағдайда коронавирусқа байланысты карантин жарияланатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, бестен көп коронавирус жұқтырған науқастар тіркелген қалалар карантинге жабылады екен. Дегенмен мұндай шешімді әкімнің қаулысы бойынша жергілікті атқарушы орган ғана қабылдайды.
Сауда орталықтары, мейрамханалар мен азық-түліктік емес базарларды жабу туралы шешім де әкімдік тарапынан қабылданады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның екі қаласы: Нұр-Сұлтан жіне Алматы 16 наурыздан бастап карантинге жабылған.
Оқи отырыңыз