KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда тағы алты қала карантинге жабылды

30.03.2020, 05:39 135

Қазақстанның тағы алты қаласында коронавирус бойынша карантин енгізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала тұрғындары үшін қойылатын шектеулер 30 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енді. Яғни, үйден шығуына тыйым салынады, тек азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады. Сондай-ақ, егде жастағы (65 жастан жоғары) адамдарына өзін өзі оқшаулауға кеңес берілді. Халық көп жиналатын орындар, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар мен басқа да ұйымдар жабылды. Мейрамханалар мен дәмханаларға тек жеткізу қызметі арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Атап айтқанда, Атырау қаласы мен Қарағанды облысының Абай, Сарань, Теміртау, Шахтинск қалалары карантинге жабылып отыр.

Қазір Қарағанды облысының аумағында коронавирустың 7 жағдайы тіркелген. Стационарда 509 адам карантинде жатыр. Тағы 421 адам үй жағдайында карантинге жабылған.

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген.

Бұлардан бөлек, Ақтауда 30 наурыздан бастап ерекше жағдай енгізілді: сағат 19:00-08:00 аралығында тұрғындардың қала ішіндегі қозғалысы шектеліп, пәтерден шығуға және қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынды.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары 30 наурыз бен  5 сәуір аралығында карантинге жабылғанын еске саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу