KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде көпірдің реконструкциясы биыл бітпейді

18.03.2020, 09:41 130

Өскемендегі Ертіс көпірін реконструкциялау жұмыстары биыл бітпейтін көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қалған жұмысты бұрыңғы мердігермен сот процедуралары аяқталғаннан кейін ғана жалғастыруға болады екен. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова мәлімдеді.

Аталмыш көпірдегі жұмыстар сонау 2014 жылдары қолға алынған еді. Жыр болған көпірдің реконструкциясы биыл, міне, алтыншы жылға кетті. Мұндағы жұмыстар жаз мезгілінен бері тоқтап тұрған. Қыс мезгіліне таяу қалалық әкімдіктің бастамасымен көпірдің орталық бөлігіне уақытша асфальт төселді.

- Қазір біз Рязанов атындағы көпір салу отярдымен соттасып жатырмыз. Тұрғындар тарапынан асфальт неге суық түскенде бірақ төселді деген сауалдар қойылуда. Біз соңына дейін күтіп, ұяты оянған мердігер жұмысын аяқтайды деп үміттендік. Ақыры қала әкімі басқа мердігерлермен келісіп, артылған материалдарды қолдана отырып, осы жұмыстарды жүргізді, - деді Тамара Рахимжанова.

Қала әкімі оырнбасарының айтуынша, жұмыстардың аяқталу мерзімі тағы шегерілмек. Келісім-шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған мердігермен сот процесстерін аяқтау қажет. Қала әкімі одан тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға ниетті екен. Тек содан кейін ғана жаңа конкурс жариялауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив