KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Дүкендерде «Тұтынушы бұрышы» іске қосылмақ – ШҚО

16.03.2020, 10:52 145

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өңірдің барлық сауда орындарында «Тұтынушы бұрышын» іске қосу жөнінде бастама көтерді.

Тұтынушылардың көбі тауарды алғанын растайтын чекке салғырт қарайды. «Тауар қайтаруға және айырбастауға жатпайды» деген өздері ойлап тапқан нұсқаулық бойынша жұмыс істейтін сатушылар да аз емес.

- Тұрғындардың басты проблемасы – тұтынушылар құқығын қорғау заңы «Клиенттің дегені дұрыс» қағидасына құрылғандығын білмейтіндіктері. Қазір қолданыстағы заңда клиенттің құқығы толықтай қорғалған. Сондықтан тұрғындардың тұтынушылық сауаттылығын арттыру мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ,-деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.

Оның айтуынша, «Тұтынушы бұрышында» тұтынушылардың құқығы жөнінде ақпарат берілуі керек. Сондай-ақ, мұндай жағдайда қайда жүгінуіне болатындығы туралы да мәлімет жазылуы тиіс.

Бұл шара өңірдегі халықтың тұтынушылық сауатын арттыруға елеулі үлес қосады дейді департамент басшысы.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары үшін тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің есігі ашық. Ведомство мамандары тұтынушы құқығы мен қызмет көрсету саласындағы даулы мәселерге қатысты заңгерлік кеңес беруге дайын.

Департамент мекен-жайы: Буров көшесі, 20. Тел: 61-41-21, 26-72-07.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив