Даниал Ахметов Майқапшағайға барып шекараның жабық екеніне көз жеткізді
Бүгін облыс әкімі жетекшілік ететін комиссия екі топқа бөлініп жұмыс жүргізді. Даниал Ахметов бастаған бір топ Майқапшағай кеден бекетіне барып, Қытаймен арадағы шекараның жабық екеніне көз жеткізді.
Ал комиссияның екінші тобы жол құрылысымен айналысатын қытайлық компанияның 8, 10 учаскелерінде болды. Мұндағы қытай жұмысшыларының визаларын тексерді. Олардың барлығы да Қазақстан аумағына өткен жылы, яғни коронавирус шықпай тұрған кезде кіргендері мәлім болды.
Сонымен қатар, облыс әкімі Зайсандағы Ә.Молдағұлова көшесінің тұрғындарымен кездесіп, үйлерге газ тарту мәселесін қарастырды. Халықтың мәселесіне құлақ асқан өңір басшысы көшеге газ құбырларын тартуға бюджеттен 100 млн. тг мөлшерінде қаражат қарастыруды тапсырды.