KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Даниал Ахметов дүйсенбі күні Зайсанға тағы баратын болды

20.02.2020, 13:14 180

Даниал Ахметов бүгін «Майқапшағай-Омбы» тас жолын салып жатқан Қытай компаниясының 9-шы учаскесіне келіп, мұндағы жұмысшылардың елге қашан кіргенін тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Облыс әкімі жергілікті халықтан сайланған 10 белсенді азаматты ертіп базаның ішіне кірді. Онда жатқан жұмысшылардың қал-жағдайымен танысып шықты. Ешкімнің ауырып жатпағанына көз жеткізді.

 Мұнда 14 қытай азаматы тұрып жатыр. Қалғандары басқа жол жөндеу  учаскелерінде. Олардың құжаттары тексеріліп, визаларының дұрыс екені анықталды. Алайда, жол салып жатқан компанияның қақпасына жиналған халық шетелдің азаматтарын 3 сағаттың ішінде елден шығарылуын талап етті.

 Облыс әкімі мұндай мәселе 3 сағатта шешілмейтін  айтты. Сондықтан алдағы уақытта дүйсенбіде тағы  бір мәрте Зайсанға келетінін жеткізді.

 ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өткен келісім комиссиясының отырысында біраз мәселелер көтерілген. Ертең  белсенді топ шекара сызығына тағы барып, ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстың деңгейін тексереді. Арнайы құрал жабдықтарды, сондай-ақ қытайлық жұмысшылар тұрып жатқан орындарын көреді, тексереді. Комиссия мүшелері және жалпы ауыл тұрғындары қытайлық жұмысшылардың еңбек шарты арқылы келіп жұмыс істеп жатқандығын түсінеді, дегенмен олардың коронавирус дүрбелеңі басылғанша өз еңбек демалысын алып елдеріне кетуін талап етіп отыр.

 ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін Зайсан ауданында қалып, тұрғындармен әңгімелесіп, мәселенің мән-жайына тереңірек үңілетін болды.

 -Ешқайда кетпеймін, бүгін осы жерде қаламын. Сіздермен бірге боламын. Бір шай осы ауылдан-ақ табылатын шығар. Мәселені бірге шешеміз,-деді әкім.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу