Өскеменде қалың қардан трамвайлар жүре алмай жатыр
Өскеменде қалың қардан трамвайлар жүре алмай жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше таңертең екі трамвай тағаннан тайып, көлік қозғалысын бөгеп қалды. Түстен кейін тағы бір вагонның жолдан шығып кеткені белгілі болды. Ал үшінші бағыттағы трамвай (Защита ықшам ауданы) күні бойы жүрген. Бүгін де соңғы аялдамаға дейін жете алмайтын көрінеді.
– Қар тазалаушы трамвай таң атқанша қалың қарды күреумен болды. Бүгін бірінші және төртінші бағыттағы трамвайларды жолға шығардық. Үшінші бағыттағы трамвай тек «Машзауыт» ауданына дейін барады, – деп мәлімдеді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС.