ШҚО-да респираторлық вирус жұқтырғандардың саны көбейді
ШҚО-да респираторлық вирус жұқтырғандардың саны көбейді, деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
– Қаңтар айының екінші бөлігінде жедел респираторлық вирус инфекциясын жұқтырған 7 106 адам тіркеді. Оның 1 433-і Өскеменде. Бұл, салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың санынан 23% көп, – деді басқарма басшысының орынбасары Владимир Ли.
Оның айтуынша, көрші елден шыққан коронавирусқа қарсы іс-шаралар да қолданылуда. Майқапшағай мен Бақты бекетінде Қытайдан бері өткен әрбір адам тізімделіп, олар екі апта бойы медициналық бақылаудан өткізілуде.
Маманның айтуына сенсек, әзірге облыс аумағында коронавирус жұқтырған ешбір адам тіркелген жоқ.