Алакөл жағалауындағы абаттандыру жұмыстары қашан аяқталады?
Ресми ақпарат бойынша, Алакөл жағалауын абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 398,7 миллион теңге бөлінген. Қазір Қабанбай ауылынан Алакөлге дейінгі аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
- Вело-жол, автотұрақ салу және сауда орындарына бес модульді павильон орнату жұмыстары осы жылы аяқталады, - деген аудан әкімі Серік Зайнулдин халыққа уәде берді.
Айтпақшы, Алакөлде былтыр 412 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеген-ді. Демалушылар саны орта есеппен айтқанда 700 мың адам. Бұл дегеніміз, демалушылар саны 16,7 %-ға көбейді. Туристік қызметтен түскен салық түсімі 141 миллион теңге.