KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, С
521.6 534.27 5.25

Қазақстандықтарға бірқатар елдерге шықпауды ескертеді

31.01.2020, 17:42 82

Қазақстан азаматтарына ҚХР-на және коронавирус инфекциясы тіркелген 23 мемлекетке шықпау туралы ескертті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті,

- Қытай еліне және коронавирус тіркелген 23 мемлекетке шықпауға кеңес беремін. Жалпы осы кезеңде халықаралық саяхатқа шығуды шектеген жөн, - дейді министр.

Қазіргі таңда коронавирустың таралуының онлайн-картасындағы мәліметтерге сәйкес, инфекция Қытай, Таиланд, Гонконг, Жапония, Сингапур, Австралия, Малайзия, Макао, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, БАЭ, Канада, Италия, Тайвань, Вьетнам, Камбоджа, Финляндия, Үндістан, Нпал, Филиппины және Шри-Ланкада тіркелген екен. Ресей мен Ұлыбританияда коронавирустың екі жағдайы тіркеліп отыр.

31 қаңтардағы соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 41 адамды коронавирус инфекциясына тексеріп жатыр.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу