KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты заңға түзетулер енгізіледі

31.01.2020, 04:32 127

Қазақстанда көпбалалы мемлекеттік қызмткерлерді әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру  ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасын таныстырды.

- Көпбалалы ата-ана болып табылатын мемлекеттік қызметкерлерді міндетті ротациядан (ауыстырудан) босату сұынылады. Бұл норма олардың әлеуметтік қорғалуын жақсартады. Төрт не одан көп баласы бар отбасыларға көшіп-қонып жүру оңай емес. Осыған байланысты ротацияға жатқызылуға тиіс кейбір көпбалалы ата-аналардың басшылық қызметтен бас тартуына тура келеді, - дейді Мемлекеттік қызмет бойынша агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов.

Сондай-ақ, ол жекелеген саяси лауазымдарға президенттік шешімімен біліктілік талаптарын бекітуді ұсынып отыр.

- Қазір уақытта саяси лауазымдарға біліктілік талаптары қойылмаған. Осыған орай, бұл лауазымға жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз тұлға  тағайындалуы мүмкін. Аталған түзетулерПрезидент Әкімшілігінің 2019 жылғы 19 қазандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді, - дейді Марат Дәуешов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив