KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Тәжірибесі аз мамандар орынбасар бола алмайды

31.01.2020, 10:04 85

Жұмыс тәжірибесі аз мамандар әкім не министрдің орынбасары бола алмайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет бойынша агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды.

Агенттік өкілінің айтуынша, қазір уақытта саяси лауазымдарға біліктілік талаптары қойылмаған. Бұл лауазымға жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз тұлға  тағайындалуы мүмкін екен.  Осыған орай, жекелеген саяси лауазымдарға президенттік шешімімен біліктілік талаптарын бекітуді ұсынып отыр.

- Қазір біз мұндай біліктілік талаптарын облыс әкімдері мен министрлердің орынбасарлары секілді лауазымдарға қатысты енгізуды жоспарлап отырмыз. Бұл алғашқы қадам болмақ. Ары қарай осы норма тағы қандай лауазымдарды қамтитыны президенттің шешімімен белгіленеді, - дейді Марат Дәуешов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив