KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да коронавирусқа байланысты жедел штаб құрылды

28.01.2020, 04:02 151

Шығыс Қазақстанда Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

*Құрметті жерлестер, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қытайдан шыққан коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ШҚО-да жедел штаб құрылды. ҚХР-мен біздің облыстың шығыс бөлігі шектеседі. 2 ақпанға дейін "Бақты" және "Майқапшағай" кеден бекеттері арқылы шекарадан өту тоқтатылды. Екі бағытта да азаматтар мен тауарлардың қозғалысын толық тоқтату мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавируспен ауру фактілері тіркелген жоқ. Жағдай менің жіті бақылауымда, - дейді Даниал Ахметов.

ШҚО-да азаматтарымызды қауіпті аурудан қорғау үшін жүргізіліп жатқан шаралар:

1. Шекаралық бекеттердегі санитарлық-бақылау пункттері тепловизорлармен жабдықталды. Бақты және Майқапшағайда 6 тепловизор бар. Семей және Өскемен әуежайларында жолаушыларды мониторингтен өткізу үшін үш тепловизор жұмыс істейді. Алдағы күндері "Ақтоғай" теміржол станциясын тепловизорлармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

2. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Вирусқа қарсы препараттардың қажетті қоры, сондай-ақ 12 400 қорғаныш костюмдері, 670 000 респиратор және 7 млн. бірреттік маскалар бар.

3. Күдікке ілінген, вирус жұқтырған адамдарды тасымалдайтын 2 жеке көлік капсуласы дайын. Тағы 4 капсулаға және Л-1 типті 18 қорғаныш костюміне өтінім берілді.

4. Қытай шекарасынан ары-бері өткен азаматтардың денсаулық жағдайы мұқият бақылауға алынған

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив