Күршімнің № 2 аудандық сотында ашық есік күні өтті
Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіншіліктерін түсіндіру мақсатымен ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, аталмыш мекеменің бас маманы С.Тұрымоваға сілтеме жасап.
Аталған шара аясында Күршім ауданының № 2 аудандық сотына келген тұлғалар «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мүмкіншіліктерімен таныстырылды.
Іс-шара барысында сот кеңсе меңгерушісі Г.Шакирова ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге жан-жақты кіргенін және сот жүйесіне оларды енгізіп, қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдететіндігін, бюрократиялық кедергілерді жоятындығын, қызметкерлердің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал беретіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, Г.Шакирова «Сот кабинеті» халық арасында өте қолданысқа ие болғанын және адвокаттардың, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысына тиімді жәрдемдесетіндігін, азаматтардың құқықтық мәдениетін жақсартуға, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал беретіндігін де көрсетті.
Бұдан басқа, келушілерге қазіргі уақытта сот жүйесінде «Мобильді сот» ақпараттық сервисі іске қосылғанын, онда «TrueConf» мобильді бейне-конференцбайланысы қосымшасын қолдану арқылы тараптар мен қатысушылар сот процесіне келмей-ақ қашықтықтан қатысуға болатындығын да түсіндірілді.