Мбаппе Марадонаның «стилінде» гол салғаны үшін жазаланды
«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе өте қызық жағдайда сары қағаз алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Франция лигасы Кубогы аясында ПСЖ және Реймс (3:0) клубтары кездескен еді. Шабуылдардың бірінде Мбаппе қақпашымен соқтығысып, газонға жығылды. Сол жатқан бойы теңіл допты қолымен қақпаға бағыттап жіберді. Әлбетте бұл гол есептелмеді, ал футболшыға сары қағаз берілді. Дегенмен Мбаппе бұған ренжімей, күліп қана қойды.
Теңбіл доп жанкүйерлеріне мәлім, қолмен салынған ең атақты гол Диего Марадоннаға тиесілі. 1986 жылы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалындағы Англияға қарсы ойында есеп 0:0 болып тұрған. 51-ші минутта бұрыштан тебілген допты Марадонна қақпаға қолымен бағыттап жібереді. Гол есептелді, ал форвард кейін бұл оқиғаға қатысты «Тәңірдің қолы» деп пікір білдірді.