KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО жастары сырғанақ тебудің жаңа түрін ойлап шығарды (ВИДЕО)

13.01.2020, 10:50 319

Сібе көлдерінің бірінде мұз үстінде сырғанақ теуіп жүрген ер адамның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығына жақын орналасқан Сібе көлдері өскемендіктер үшін жыл он екі ай демалатын тамаша орынға айналған секілді. Жазда адамдар бұл жаққа суға шомылуға барса, қыста көл бетіне тұрған айнадай мұзда сырғанақ тебуге асығады. Шынымен де жалтыр мұздың үстінде коньки теуіп жүргендердің қарасы көп қазір. Иә, таза ауа, тамаша табиғат, айналасын тау қоршаған аядай көл қаланың у-шуынан бір сәт демалуға таптырмайтын жер.
Бүгін көлге барған демалушылардың бірінің матаны желкен етіп мұз үстінде сырғанақ тепкені көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Желідегі бұл видеоны көргендердің бір тобы балалық шақтың алаңсыз күндерін сағына еске алса, енді біреулері мұз бетінде адамдардың көп болуы қауіпті екенін жазып жатты. Сондай-ақ ер адамның бұл қылығын қайталаймын деушілер көп секілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив