«Күршім» паромы 10 қаңтарға дейін жұмыс істейді
«Күршім» паромы 10 қаңтарға дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұқтырма су қоймасы арқылы Көкпекті және Күршім аудандарының арасын жалғайтын паром жыл сайын желтоқсан айының аяғында жұмысын тоқтататын. Одан әрі көліктер мұз үстімен емін-еркін заулайтын еді. Бірақ биыл қыстың алғашқы айы жылы болғандықтан, айдынға мұз қатып үлгермеді. Осы себепті әзірше көліктердің қатынауына рұқсат жоқ.
Күршім ауданының әкімдігі паромның 10 қаңтарға дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз