KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

Бүгін Өскеменде «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады. Алик Шпекбаев келеді

23.12.2019, 06:09 180

2019 жылдың 23 желтоқсаны, сағат 17:00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстағы құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып «Open space» форматына көшті. Ең маңыздысы, департаменттің қоғаммен байланыс орнататын превенция және парасаттылық басқармасы толықтай ашық және ортақ кабинет жұмыс нысанына көшкен.

Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысады.

Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, бірінші қабатта орналасқан заңгерлік және «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясындакеңестералуға арналғанарнайы бөлмелер,баспасөз орталығы көрсетіледі. Сондай-ақ, басшылыққа қабылдауға да жазылуға болады.

«ANTIKOR ORTALYGY» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орталыққа айналмақ.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сапары аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің парасаттылық кеңсесінің жұмысымен, облыс әкімінің қоғамдық қабылдау орны, жедел басқару орталығы, "Invest in East" инвестициялық кеңселерімен танысу және студенттік жемқорлыққа қарсы форумға қатысу жоспарлануда.

 

Өтетін орны:Өскемен қ., Лихарева көш, 2.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив