KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
518.07 595.21 6.37

ШҚО-да екі ай бұрын жоғалған тұрғынға іздеу салынды

9.01.2020, 04:12 169

Егор есімді азамат 2019 жылдың 1 қарашасында Бұқтырманың бойында із-түссіз жоғалып кеткен. Еріктілер тобы оған қайта іздеу салып, тұрғындардан көмек сұрауда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Егор Коробков 1985 жылы туған. Сол күні таңғы сағат 9 шамасында «Пикник» демалыс базасынан шыққан. Үстінде қара түсті күрте, жасыл түсті жұмыс киімі болған екен. volontery_ssemey_lider.kz тобы көрген-білген жандардың хабар беруін сұрайды:  8-747-349-57-17, 8-771-205-31-90 немесе 102.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу