Қар. Тұман. Жел. ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды. ШҚО ТЖД аймақта қауіпті метеорологиялық құбылыстар жайлы ескертіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Қазгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша, 14 желтоқсан күні қалың қар жауады. Қатты жел соғып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады.
Облыс аумағында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.