KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 8 м/с, Ю
494.84 537.4 5.58

Өскемендіктер «Қанды азу» премьерасын тамашалады

11.12.2019, 05:03 134

Кешіріңіз... Өтіп кетейін... Ғафу етіңіз... Өтейін... Драма театрдың орындығына әрең дегенде жайғастық. Премьера бастала қоймапты. Сағат тілі 6-ны соғып тұр. 18:00. Дәл уақыты. Дегенмен кең зал көрерменге әлдеқашан лық толған көрінеді. Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Көксерек» повесінің желісі бойынша сахналанатын спектакль болғандықтан, осыншама халық жиналған болар деп іштей тошыладық. Ал туындының сахналық жобасын жасаған Б.Есеналиев екен.

Сөйтіп, «Қанды азу» поэтикалық трагедиясының премьерасы басталып кетті. Әуелгі музыка, қобыздың һәм сыбызғының үні, түрлі аң-құстың дауысы... әзірше түсініксіз еді. Санаңды сан саққа жүгіртеді. Тек бала мен бөлтіріктің диалогы өрбігеннен кейін ғана қойылымның мән-мазмұны ашыла бастады.

Бас кейіпкер Бораш, Ақтай есімді жанашыр ағасының әңгіме-аңыздарын тыңдап алып, «мен өскенде бөрі боламын, мен көк бөрінің ұрпағымын» дейді дауыстап. Бұл сөз залда көрермен қатарында отырған мектеп оқушыларына патриоттық асқақ рух үстейтіні анық.

Ал Борашқа қарап бой түзеп, кішкентай баланың ақ көңіліне бөленіп өсіп келе жатқан Ақ азу адамдардан тепкі көрген кезде, пендедей мұңайып, тіл қатады. Оның монологы адамзаттың қарапайым да күрделі мәселелеріне жауап іздеген сұрақтар еді? Бір сәт көрермен де сансыз сауалдың жетегінде ойға батты.

Ой мен сананың қарама-қайшылығына, шытырманға құрылған қойылым қайғымен түйінделеді. Аңшы Амантай  қапыда баласы мен бөлтірікті қатар атып жібереді. Соңы – бұл жалғанда мәңгілік ештеңе жоқ дегенге меңзейтін образдар еді. Көрермендер де осындай ойға қалған болар.

 

  

 

        

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу