KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

2020 жылы демалыс күндерінің саны 120-ға жетіп жығылады екен

7.12.2019, 08:27 156

Жаңа жылда қазақстандықтар 120 күн демалады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Жаңа жыл әдеттегідей демалыспен басталады. 1-4 қаңтар аралығы – мейрам. Алайда оның есесіне, 5 қаңтарда (жексенбіде) жұмысқа шығады.

7 қаңтар (сейсенбі) да демалыс күні – Рождество.

Одан кейін демалысы көп айлардың бірі наурыз басталады. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы қарсаңында 7-9 наурыз, 21-25 наурыз күндері жұмысқа шықпай-ақ қойсаңыз болады. Қосып есептесек, осы айдағы мейрам күндері сегіз екен.

Әрмен қарай 1 мамыр – Бірлік күні. Бұл күннің жұма екенін ескерсек, ары қарайғы 2, 3 мамырлар да демалыс.

7 мамыр – Отан қорғаушылар, 9 мамыр – «Жеңіс күні» (Екінші дүниежүзілік соғыс)  қарсаңында 7-10 мамыр аралығы тағы да жұмыс болмайды.

Астана күні – 6 шілде. Осыған орай үш күн (4,5,6 шілде) демалыс.

Сол секілді тамыз айында да үш күн демалыс беріледі. Себебі 30 тамыз – Конституция күні.

2020 жылдың ақырғы демалыс күндері желтоқсанда. Бірінші жұлдызы Тұңғыш Президент күні, 16 жұлдызы Тәуелсіздік күні (16-19 желтоқсан) және ай соңы – жаңа жыл мейрамы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу