KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Баспанасыз қалған отбасыға көмек қажет - Семей

5.12.2019, 10:42 241

Семейде баспанасыз қалған отбасыға көмек қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

4 желтоқсан күні Аягөз көшесінің бойындағы жер үйдердің бірінде өрт шықты. Өрт кезінде үйде төрт бала мен олардың әжесі болыпты. Ұйқыға жатарда балалардың бірі үйде өрт шыққанын байқаған. Құжаттарын алып үлгерген олар, сыртқа терезе арқылы шыққан. Ал, балалардың ата-анасы бұл уақытта жұмыста болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Шаһар басшысы Ермак Сәлімов көпбалалы ана Венера Алимановамен кездесіп, атқарушы билік тарапынан көмек көрсетуге уәде берді. Облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Омаров шатыры жанып кеткен үйді қалпына келтіріп береміз деп отыр. Қақаған аязда баспанасыз қалған отбасы әзірше туысқандарының үйіне орналасқан. Алайда, үш, алты, он және он алты жастағы балаларға жылы киім мен аяқ киім қажет. Көмек қолын созам деушілер болса, "NurOtan" партиясының қалалық филиалына келулерін өтінеміз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу