Баспанасыз қалған өскемендік отбасы көмекке мұқтаж
Баспанасыз қалған өскемендік отбасы көмекке мұқтаж, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
27 қаңтар күні кешке Степной кентінде екі бөлмелі үй өртеніп кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алайда, үй иелері мен балалары көмекке мұқтаж.
- Ағамның үйі өртке оранды. Ішіндегі бүкіл киімдері мен жиһаздары жанып кетті. Өздері аман алайда балалардың сабаққа баратын киімдері жоқ. Үлкен ұлы - жетіде, кішісі - үште. Сіздерден көмек сұраймыз, - дейді Касакаева Наргүл.
Отанасы Ақмарал Болатқызының айтуынша, олар әзірше туыстарының үйіне орналасқан. Көмектесем деушілер болса 8-771-176-50-35 нөміріне хабарласуларыңызға болады.