KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 5,6 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Ұлан ауданының тұрғындары зауыт құрылысына алаңдайды

25.11.2019, 04:43 129

Ұлан ауданы әкімінің жеке қабылдауына тұрмыстық қатты қоқысты қайта өндейтін зауыт құрылысының салынуына алаңдаулы бір топ азамат келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан басшысы Нұрымбет Сақатағановтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланып отыр.

- Жеке қабылдауыма ауданымыздың аймағында тұрмыстық қатты қоқысты қайта өндейтін зауыт құрылысының салынуына алаңдаулы бір топ азамат келді. Тұрғындарға кәсіпорынның құрылысы, мерзімі мен орны бойынша соңғы шешім әлі қабылданбағандығын тағы да айтқым келеді. Біз бұл мәселені жалпы жан-жақты зерделейтін және барынша қолжетімді түсіндіретін жұмыс тобын құру бойынша шешім қабылдадық,- деп жазды аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив