Театрда ертең жаңа қойылым - Өскемен
Облыстық Жастар театрының ұжымы Асылбек Әуезханұлының "Ақыл патшалығы" ертегісін сахналайды. Белгілі актер, режиссер Бейбіт Құсанбаевтың басшылығымен сахналанған ертегі ертең сағат 11:00-де көрерменге жол тартады.
– Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген адамдар кешкісін бір уақыт миына тыныштық іздейтіні белгілі. Бірі теледидарға, енді бірі қолындағы ұялы телефонға үңіліп, көңілін аударатын бір нәрсе іздеп жатады. Осыдан болар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың жоғалып кеткені. Біздің бұл жолғы қойылым нақ осы екі арадағы алшақтықты бір қадам болсын жақындатуға арналады. Баланың бір уақыт гаджеттен көзін алып, сахнаға басын бұруына жағдай жасаймыз. Бұл қойылымға баласымен бірге келген ата-ана ұрпағының қуанышын, болашаққа деген үмітін көріп құлазыған көңілі жазылады, – дейді Бейбіт Азатбекұлы.
Ендеше, ертегіден қалмаңыз!