ШҚО таэквондошылары халықаралық додадан олжалы оралды
Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен таэквондодан «Bukhara Open-2019» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Елге олжалы қайтқан саңлақтар арасында семейлік таэквондошылар да бар. Атап айтсақ, төрт күнге созылған додада Рүстем Омаров күміс медаль жеңіп алса, Даниал Сайлаубеков қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал ең жоғары нәтижені Ерсұлтан Елеукенов көрсетті. Жерлесіміз өз салмағында қарсылас шыдатпай, турнир жеңімпазы атанды.
Оқи отырыңыз