KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қой тұқымын асылдандырып жатқан үш аудан: Абай, Аягөз және Тарбағатай

9.11.2019, 11:11 273

Қой малын асылдандыруға ден қойған шаруашылықтар саны облыс бойынша 67 бірлікті құраса, олардағы асыл тұқымды қой саны 135 мыңға жуықтайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгінде қой малын ең көп асылдандырылатын шаруашылықтар Абай, Аягөз және Тарбағатай аудандарында шоғырланған. Яғни облыстағы асыл тұқымды қойдың 79 пайызы осы үш аудандағы 47 шаруашылықта өсіріліп жатыр.

Дегенмен, осы істе кенжелеп жатқан аудандар да жоқ емес. Атап айтсақ, қазіргі уақытта Үржар, Көкпекті, Катонқарағай және Зайсан аудандарында Шопан ата төлін асылдандыру шаруашылығы дамымаған.

– Қазіргі таңда республика көлемінде шаруашылықтарға қой малының жас төлдерін және асыл тұқымды аталық қошқарларды сатып алуда жеңілдетілген кредитпен қамтамасыз ететін «Сыбаға» жобасы жұмыс істейді, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев. – Аталған бағдарлама аясында шаруашылықтармен «Агро несие корпорациясы» мен «Қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары жұмыс істейді. Аталған ұйымдар арқылы жыл басынан бері қой шаруашылықтары 9337 бас асыл тұқымды қойдың жас төлдері мен аталық қошқарларын сатып алды. Олардың 4088-і «Қаржылай қолдау қоры» арқылы, ал 5249-ы «Агронесие корпорациясы» арқылы алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив