KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Өскеменге АҚШ-тан бишілер келеді

6.11.2019, 11:44 277

Өскеменге АҚШ-тан бишілер келеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

АҚШ-тың "Company E" заманауи би тобы мен Қазақстанның "Самрұқ" би театры бірігіп би шоуын ұйымдастырып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бишілер «контемпорари» стиліндегі би нөмірлерін дайындаған. "Contemporary" - әр түрлі бағыттар мен техниканы қамтитын заманауи сахналық би. Contemporary dance модерн биінің негізінде қалыптасқан.

Бишілер кеші 15-ші қараша күні сағат 19:00-де Ертіс концертте өтеді. Айтпақшы, сонау Вашингтоннан келетін бишілер командасы арнайы шеберлік сағатын өткізбек. Шеберлік сағаты 16-шы қараша сағат таңғы 09:00-де Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында ұйымдастырылады. Қосымша сұрақтарыңыз болса: 8-705-261-14-94 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу