KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

«Біздің балалар хоккейде неге үнемі Семейден жеңіледі?» - Өскемен әкімі

24.10.2019, 04:41 163

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың облыс орталығындағы балалар хоккейінің сапасына көңілі толмайды екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұқаралық спорт түрлеріне қолдау көрсету мақсатында «Алтай» стадионы жөндеуден өткізілмек.

- Біз спорттың олимпиадалық түрлеріне бар күшімізді салуымыз керек. Спорт – еліміздің, қаламыздың, аймағымыздың имиджі. Неге біздің балалар үнемі Семейден жеңіліп қала береді? Өскемен – қазақстандық хоккейдің отаны! Біз қалай жеңілеміз? Семейде бір де бір модуль, жасанды мұз айдыны да жоқ. Бірақ Семейдің балалары хоккейден мектеп жарыстарында үнемі жеңіске жетіп жүр. Ал бізде бәрі бар. Спорт сарайы мен екі бірдей модуль бар, - деп кейіді Жақсылық Омар қалалық әкімдіктің мәжілісінде.

Шаһар басшысының айтуынша, қалада бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалуға тиіс.

- «Алтай» стадионы бойынша жұмыстар жүргізуіміз керек. Бұл қаланың орталығындағы өте жаңқсы орын. Адамдардың көбі онда қыс кезінде конькимен сырғанайды, жазда футбол ойнайды. Кезінде ол стадионда белгілі спортшылар мен «Торпедоның» хоккеистері жаттығатын. Онда жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Жыл соңына дейін «Алтай» стадионы бойынша жобаны көретін болайық, - деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив