Семейде пандус мәселесі шешілмей тұр

Семейде жер асты өткеліндегі пандустардың әбден тозығы жетіп, ескірген әрі ыңғайсыз екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Жер асты өткелі 20-шы кварталда орналасқан. Осы жолы өтейік деп едік, пандус мүлдем талапқа сай емес. Бұл жерде рельстердің ара қашықтығы тым жақын. Арба дөңгелектерінің құрылымын ескермеген сыңайлы. Бұл аздай, жолдың аяғында шұңқыр жатыр. Бесікарбаларды қойшы, сонда мүгедектер бұл жермен қалай өтуі тиіс, - дейді қала тұрғыны.
Айтпақшы, аталған проблема 20-шы кварталда ғана емес Эльдорадо маңындағы өткелде де бар. Қала тұрғындары бесікарбаларды көтеріп өтуге мәжбүрміз деп отыр.
Оқи отырыңыз