Өскеменде ауыз судың сапасы нашарлауы мүмкін
Өскеменде ауыз судың сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Өскемен Водоканалдың» мәлімдеуінше, 25 қыркүйек күні бірқатар көшеде ыстық-суық су қатар өшеді. Себебі мамандар су құбырларының гидравликалық режимін өзгеруге байланысты жұмыстар жүргізбек. Ал тиісті шаралар аяқталған соң, ауыз судың сапасы уақытша нашар болуы мүмкін. Әңгіме қаланың Әуежай ауданындағы көшелерге қатысты болып отыр:
* Бажов;
* Ульяновская;
* Механизаторлар;
* Арктикалық;
* Сібе;
• Садовая;
* Литва;
* Әуежай;
* Ұлан;
* Южный Тұйық Көшесі
Кәсіпорынның ақпаратына сүйенсек, бұл күні тұтынушылардың өтінімі бойынша су жеткізу шаралары ұйымдастырылады. Таза суға тапсырыс беремін деген тұрғындар 53-16-61 нөміріне хабарласуы керек.