Тұрғындар әлеуметтік желі арқылы әкімдерге баға береді
Әкімдерге тұрғындар баға береді. Халықтың көңілінен шықпаған басшының мәселесі қаралады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ШҚО тұрғындарымен жүздесуі барысында айтты.
– Тұрғындар әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жасауы керек. Бұған дейін халық басшыға бағынады деген түсінік болса, Президент мәселені басқаша қойып жатыр. Әкімдерге бағаны халық беруі керек. Ендігіде халықтан оң баға алмаған әкімнің мәселесі қаралады, – деді Б.Сапарбаев.
Оқи отырыңыз
Мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайызға өседіҚасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желілермен жұмыс істеуді тапсырды"Бұйрыққа қол қойылды" Бердібек Сапарбаев атаулы көмектің кімдерге берілетінін айттыВице-премьер Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға келдіҚазақстанда әлеуметтік көмекке 3447,1 миллиард теңге бөлінді