KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Бердібек Сапарбаев семейліктермен кездесті

20.09.2019, 04:47 181

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақ инновациялык-гуманитарлық заң университетінің базасында Семей қаласы активімен кездесіп, Президент Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кездесу барысында көпбалалы аналарды қолдау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселелері жан-жақты қаузалды. Сондай-ақ, заман талабына сай медициналық қызмет көрсету жайы айтылды.

- Бұл жұмыстар Шығыс Қазақстанда жүйелі түрде іске асырылуда, жаңа ғана Семейдегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының қызметімен таныстым. Гибридті ота жасау залының қызметін көрдім. Жұмыстар мен аурухананың жабдықталуына, жаңадан алынған заманауи жедел жәрдем көліктеріне көңіл толады, деген Бердібек Сапарбаев бар қазақ үшін қасиетті Абайдың 175 жылдық мерейтойын жас ұрпақ және әлем үшін үлкен тәрбиелік мәні зор шара етіп өткізу керектігін атап өтті.

Жиында жақында ғана қаладағы Қарағайлы тұрғын ауданынан жаңа баспана алған көп балалы аналар шын көңілден алғысын айтса, семейлік жастар жағы техникалық және кәсіптік білім берудегі қолдаулар үшін ризашылықтарын жеткізді.

Сонымен қатар тұрғындардан түскен әлеуметтік маныздағы сауалдарға жауап берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив